Ұлттық құрама боксшылары Еуропада өтетін ірі турнирге қатысады
Құрама сапы еліміздің бірінші және екінші нөмірлі боксшы аруларымыздан жасақталған.
ҚБФ
Бокстан әйелдер ұлттық құрамасы Boxam Elite-2026 халықаралық турниріне қатысады.
Жарыс 3–8 ақпан аралығында Испанияның Ла-Нусия қаласында өтеді.
Қазақстан бокс федерациясы алдағы турнирге қатысатын әйелдер құрамасының тізімін жариялады. Құрама тоғыз салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Кейбір салмақтарда медаль үшін бірден 2–3 қазақстандық боксшы жұдырықтасады.
Boxam Elite-2026 турниріне қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының құрамы:
- 48 кг — Елянұр Турғанова
- 51 кг — Рахмина Абдумежитова
- 54 кг — Сымбат Әлиасқар
- 57 кг — Виктория Байдукова, Шахназ Исаева
- 60 кг — Евгения Графеева, Аяжан Ермек
- 65 кг — Ақнар Ищанова, Әсем Таңатар, Назерке Серік
- 70 кг — Азиза Исина
- 80 кг — Гузаль Садықова
- +80 кг — Умида Садықова, Панар Сейітханқызы.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet