Реклама
Реклама

UFC Асу Алмабаевтың орнын басатын жауынгерді анықтады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:32

Қазақстандық ММА жауынгері қол жарақатына байланысты UFC Fight Night 268 турнирінен шығып қалған еді. Енді Асудың орнына британдық жауынгер шықпақшы.

Асу Алмабаев. Фото: Getty Images

Мексикалық UFC-дің бұрынғы чемпионы Брэндон Морено (23-9-2) UFC Fight Night 268 турнирінде (Мехико, Мексика) қазақстандық Асу Алмабаевтың (23-3) жарақатына байланысты жекпе-жексіз қалған болатын. Енді оның жаңа қарсыласы белгілі болды.

Белгілі болғандай, жекпе-жекті турнирге бір айдан аз уақыт қалғанда британдық Лонир Кавана (9-1) қабылдады. Ең жеңіл салмақтағы бұл кездесу 28 ақпанда өтетін шоуының басты жекпе-жегі болады (Қазақстан уақытымен — 1 наурызға қараған түні).

Айта кету керек, Кавананың бұған дейін 14 наурызда Лас-Вегаста бразилиялық Бруно Силвамен (15-7-2) жекпе-жегі жоспарланған еді. Алайда ол Мореномен екі апта бұрын өтетін айқасты таңдады.

Асу Алмабаев не үшін жекпе-жектен бас тартты?

Еске салайық, Асу Алмабаевтың UFC Fight Night 268 турнирінің басты жекпе-жегінен шығып қалғаны 3 ақпанда белгілі болды. Ол дайындық барысында спарринг кезінде қолын сындырып алған.

Қазіргі таңда Лонир Кавана UFC-дің ең жеңіл салмақ дәрежесінің рейтингінде 15-орында тұр. Ал Брэндон Морено бесінші сатыда орналасқан.

Реклама
Реклама