Алты жеңіліс. Қазақстан құрамасы Испаниядағы турнирді қалай бастады?
Кеше испан жерінде Boxam Elite-2026 халықаралық турнирі басталған еді. Оған ел атынан әйелдер мен ерлер құрамасы қатып жатыр.
olympic.kz
3 ақпан күні Испанияның Ла-Нусия қаласында беделді халықаралық Boxam Elite-2026 бокс турнирі басталды. Аталған жарысқа Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары қатып жатыр.
Алғашқы күннің қорытындысы
Турнирдің алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы алты боксшысынан айырылды. Жүлде үшін күресті жарыстың басында-ақ:
- әйелдер құрамасынан төрт спортшы,
- ерлер құрамасынан екі боксшы тоқтатты.
Сонымен қатар, қазақстандық боксшылардың еншісінде ірі есептегі жеңістер мен нокаутпен аяқталған жекпе-жек те тіркелді.
3 ақпандағы жекпе-жек нәтижелері
Әйелдер:
- 54 кг: Сымбат Әлиасқар — Прити (Үндістан) 0:5
- 57 кг: Шахназ Исаева — Габриэла Вирхейм (Нидерланды) 1:4
- 60 кг: Аяжан Ермек — Мауд ван дер Торн (Нидерланды) 0:5
- 65 кг: Назерке Серік — Анна Дженни (Швейцария) 5:0
- 65 кг: Әсем Таңатар — Каял (Үндістан) 1:4
Ерлер:
- 65 кг: Төрехан Сабырхан — Аилтон Монтейро (Кабо-Верде) 5:0
- 60 кг: Дәулет Молдашев — Джейк Драйден (Англия) 2:3
- 65 кг: Санатәлі Төлтаев — Габриэль Лабри (Канада) 0:3
- 70 кг: Нұрбек Мұрсал — Виттайя Чансом (Таиланд) Мұрсалдың жеңісі — үшінші раундта рефери тоқтатты
- 75 кг: Аман Қонысбеков — Лукаш Зыгула (Польша) 5:0
- 80 кг: Ерасыл Жақпеков — Джошуа Офори (Канада) 4:1
- 80 кг: Азамат Бектас — Джамал Кулиев (Украина) 3:2
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet