Реклама
Реклама

Санжар Тәшкенбай Испаниядағы турнирде "алтынға" жақындады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
04.02.2026, 22:21

Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан халықаралық Boxam Elite-2026 турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді. 

olympic.kz

Ширек финал: қарсылас — Үндістан боксшысы

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында қазақстандық боксшы Риши Сингхпен (Үндістан) жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша кездесудің тағдырын төрешілердің бөлек шешімі анықтап, есеп 4:1 нәтижесімен Тәшкенбайдың пайдасына тіркелді.

Осы жеңістен кейін Санжар жартылай финалға өтіп, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті. 

Санжар Ташкенбайдың жетістіктері

Санжар Тәшкенбай – соңғы жылдары Қазақстан боксының ең тұрақты нәтижелі спортшыларының бірі. Оның еншісінде:

  • World Boxing нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионы
  • IBA нұсқасы бойынша 2023 жылғы әлем чемпионы
  • 2022 жылғы Азия чемпионы
  • 2024 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Реклама
Реклама