Махмұд Сабырхан Испаниядағы халықаралық Boxam Elite-2026 турниріндегі алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады.
Сабырхан турнирдің бастапқы кезеңінде 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде франциялық Изайя Гаучермен қолғап түйістірді. Кездесу барысында қазақстандық боксшы үш раунд бойы қарсыласынан басым көрініп, төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Махмұд Сабырхан жарысты сәтті бастап, келесі кезеңге жолдама алды.
Махмұд Сабырхан — әуесқой бокста өзін әлдеқашан дәлелдеген чемпион. Оның қоржынында:
Еске салайық, Boxam Elite-2026 халықаралық турнирі 3–8 ақпан аралығында өтуде. Бұл бәсекеде Қазақстан ерлер және әйелдер құрамаларымен толық құрамда сынға түсіп жатыр.