Санжар Тәшкенбай Испаниядағы турнирде "алтынға" жақындады (ВИДЕО)
Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан халықаралық Boxam Elite-2026 турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді.
Ширек финал: қарсылас — Үндістан боксшысы
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында қазақстандық боксшы Риши Сингхпен (Үндістан) жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша кездесудің тағдырын төрешілердің бөлек шешімі анықтап, есеп 4:1 нәтижесімен Тәшкенбайдың пайдасына тіркелді.
Осы жеңістен кейін Санжар жартылай финалға өтіп, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.
Санжар Ташкенбайдың жетістіктері
Санжар Тәшкенбай – соңғы жылдары Қазақстан боксының ең тұрақты нәтижелі спортшыларының бірі. Оның еншісінде:
- World Boxing нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионы
- IBA нұсқасы бойынша 2023 жылғы әлем чемпионы
- 2022 жылғы Азия чемпионы
- 2024 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.