Реклама
Реклама

Махмұд Сабырхан франциялық боксшыны әбден сабады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
04.02.2026, 22:44

Махмұд Сабырхан Испаниядағы халықаралық Boxam Elite-2026 турниріндегі алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады. 

olympic.kz

Алғашқы айқастағы толық басымдық

Сабырхан турнирдің бастапқы кезеңінде 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде франциялық Изайя Гаучермен қолғап түйістірді. Кездесу барысында қазақстандық боксшы үш раунд бойы қарсыласынан басым көрініп, төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Махмұд Сабырхан жарысты сәтті бастап, келесі кезеңге жолдама алды.

Махмұд Сабырханның басты жетістіктері

Махмұд Сабырхан — әуесқой бокста өзін әлдеқашан дәлелдеген чемпион. Оның қоржынында:

  • 2023 және 2025 жылдардағы әлем чемпионы
  • 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері
  • 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері (вице-чемпион)
  • Азия чемпионы-2024

Еске салайық, Boxam Elite-2026 халықаралық турнирі 3–8 ақпан аралығында өтуде. Бұл бәсекеде Қазақстан ерлер және әйелдер құрамаларымен толық құрамда сынға түсіп жатыр.

Реклама
Реклама