Реклама
Реклама

Дебют алдындағы демеу. Жалғас Жұмағұловтың қазақ файтеріне не айтқаны белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 14:30

Жекпе-жек 7 ақпан күні Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтеді. Ол Саламат Исбулаевтың PFL-дағы дебюті болмақ. 

fighttime.ru

Тәжірибелі файтер Жалғас Жұмағұлов қазақстандық ММА жауынгеріне қолдау білдірді. Бұл туралы Саламат Исбулаев PFL лигасындағы дебюті алдында айтты. 

Исбулаев команда капитаны Жалғас Жұмағұловтан қандай кеңес алғанын ашық айтты. 

"Иә, бірнеше рет сөйлестік. Ол жекпе-жектен кейін келіп, кейбір маңызды тұстарды айтып берді. Қалай әрекет ету керек, нені ескеру қажет екенін. Ұсақ-түйек көрінгенімен, өте пайдалы кеңестер болды", — деді Исбулаев.

Саламат Исбулаевтың жекпе-жегі қашан өтеді?

7 ақпан күні Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында Саламат Исбулаев PFL (Professional Fighters League) лигасындағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы — перулік файтер Хесус Пинедо.

Осы уақытқа дейін жеңіліп көрмеген Исбулаев болашақта UFC-ге ауысуы мүмкін үміткерлердің бірі саналады. 

PFL туралы қысқаша

PFL — АҚШ-тағы ең танымал ММА лигаларының бірі. UFC-ден айырмашылығы, бұл ұйымдағы жекпе-жектер тұрақты маусым жүйесі бойынша өтеді, ал спортшылар маусым соңында плей-офф кезеңінде чемпиондық атаққа таласады.

Реклама
Реклама