Реклама
Реклама

Күдікке ілінді ме? UFC Әліби Ыдырысты допингке қарсы сүзгіден өткізді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 16:27

Жуырда, атап айтқанда, ақпанның 21-і күні отандасымыз UFC лигасындағы алғашқы айқасын өткізеді. Қарсылас - ямайкалық файтер Оди Осборн (13-9).

pin-upsport.kz

Қазақстандық ММА жауынгері Әліби Ыдырыс UFC-дегі дебюті алдында допинг-тексеруден өтті. Бұл туралы UFC Drug Testing Watch Х-парақшасы хабарлады. Бұл аккаунт UFC ростеріндегі файтерлерге жүргізілетін антидопингтік тексерістерді тұрақты түрде бақылап отырады.

Ақпаратқа сәйкес, Әліби Ыдырыстан сынама өткен аптада алынған. Бұл қазақстандық файтер үшін биылғы бірінші тексеру. 

UFC-дегі дебют қашан өтеді?

Әліби Ыдырыс UFC-дегі алғашқы айқасын  21 ақпанда өткізеді. Жекпе-жек АҚШ-тың Хьюстон қаласында ұйымдастырылатын UFC Fight Night кеші аясында өтеді. Отандасымыз Қазақстан уақытымен 22 ақпанға қараған түні октагонға шығады. 

Қарсылас — аса жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін ямайкалық файтер Оди Осборн (13-9).

Соңғы жекпе-жек пен UFC келісімшарты

Айта кетейік, Әліби Ыдырыстың соңғы жекпе-жегі 17 тамызда өтті. Ол UFC 319 турнирі аясындағы The Ultimate Fighter реалити-шоуының финалында америкалық Джозеф Моралеске (14-2) сабмишнмен жол берді. Соған қарамастан, қазақстандық файтер әлемдегі ең беделді ММА лигасы — UFC-пен келісімшартқа отырды. 

Реклама
Реклама