Геннадий Головкин – Флойд Мэйвезер жекпе-жегі туралы әңгіме шықты

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбеков World Boxing ұйымының басшысы Геннадий Головкиннің келісімшартында тағы бір жекпе-жек барын айтты. 

Геннадий Головкин – Флойд Мэйвезер жекпе-жегі туралы әңгіме шықты
instagram/@sportlinet

Келісімшартта тағы бір айқас бар

Сарапшы ретінде Головкиннің мансабына қатысты сұраққа жауап берген Ерденбеков былай деді:

"Келісімшарт бойынша Головкиннің тағы бір жекпе-жек өткізуі тиіс. Егер жақсы ұсыныс түссе, Головкиннің "Final Show" (қоштасу айқасы) өтуі мүмкін. Қарсылас ретінде Флойд Мэйвезер де аталды".

Мэйвезер – Головкин: ресми емес, бірақ қызықты нұсқа

Әңгіме барысында "Мэйвезер мен Головкин бе?" деген нақтылау сұрағына Ерденбеков:

"Иә, бұл жақсы болар еді, тіпті керемет!" 

деп жауап берген. Дегенмен бұл мәлімдеме ресми аңдатпа емес, ықтимал сценарий ретінде айтылған пікір екенін атап өткен жөн.

Головкиннің соңғы жекпе-жегі қашан өтті?

Головкиннің соңғы жекпе-жегі 2022 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде өтті. Ол кездесуде қазақстандық боксшы мексикалық Сауль “Канело” Альвареспен трилогияның үшінші айқасында жұдырықтасып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілді.

Бұған дейін Геннадий Головкин өзі де рингке қоштасу жекпе-жегі үшін оралуы мүмкін екенін айтып жүрген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір