Реклама
Реклама

Қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға жіберіп, келесі кезеңге өтті

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 00:36

Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай алғашқы кездесуін өткізді.

vesti.kz

Тоғамбай ширек финалда француз боксшысын айқын басымдықпен ұтты

Сағындық Тоғамбай 90 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалла Франция өкілі Кандоро Сукунамен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер қазақстандық спортшының жеңісін бір ауыздан (5:0) тіркеді.

Екінші раундта айқастың қарқыны күшейіп, рефери Сукунаға нокдаун санады. Осы жеңістің арқасында Тоғамбай жартылай финалға шықты және кемінде қола медаль місе тұтты. 

Сағындық Тоғамбайдың жетістіктері

Сағындық Тоғамбай — Азия чемпионы (2024). Сонымен қатар ол:

  • Азия чемпионатының қола жүлдегері (2022);
  • Азия ойындарының қола жүлдегері (2022).
  • Ерлер құрамасының жаңа бапкерімен алғашқы турнирі

Айта кетейік, бұл дода — Қазақстан ерлер құрамасының жаңа бас бапкер Нұржан Насанов жетекшілігіндегі алғашқы халықаралық турнирі. Ол бұл қызметте бұрын ұлттық құраманы басқарған Қайрат Сәтжановты алмастырды.

Boxam Elite-2026 турнирі 7 ақпанда мәреге жетеді. 

Реклама
Реклама