Реклама
Реклама

Айбек Оралбай Қазақстан қоржынына медаль салды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 01:16

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізіп, ел қоржынына мерзімінен бұрын медаль салды.

olympic.kz

Суперауыр салмақтағы тартысты айқас

Оралбай 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінің ширек финалында Англияның суперауыр салмақтағы боксшысы Мэтт Уильямспен қолғап түйістірді. Кездесу нәтижесінде жерлесіміз төрешілердің бөлінген шешімімен (4:1) жеңіске жетті.

Кемінде қола медаль

Осы нәтижеден кейін Айбек Оралбай турнирдің жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола жүлдегер атанды. Ал Мэтт Уильямс Испаниядағы жарысты жүлдесіз аяқтады.

Айта кетейік, Айбек Оралбай:

  • World Boxing нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионы;
  • Азияның екі дүркін чемпионы — 2022 және 2024 жылдардағы жеңімпаз.
Реклама
Реклама