Реклама
Реклама

Boxam Elite-2026: сенсация, нокаут және ірі жеңістер — қазақстандықтар финалға қалай шықты?

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:42

Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылар жартылай финалдық жекпе-жектерін өткізді.

Instagram/@boxingkazakhstan

Ерлер: Қазақстаннан 8 боксшы финалға өтті

Ерлер құрамасынан финалға жолдама алғандар: Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан, Аман Қонысбеков, Нұрбек Оралбай, Сағындық Тоғамбай, Нұрасыл Асылхан және Айбек Оралбай.

Күннің басты оқиғаларының бірі — Аман Қонысбековтің сенсациялық жеңісі. Ол турнирде Украина құрамасының әлем чемпионы Юрий Захареевті жарыстан шығарып тастады.

Әйелдер: Қазақстаннан 3 финалист

Әйелдер арасында "алтынға" таласатындар: Назерке Серік, Умида Садықова және Панар Сейітханқызы.

Бұл күні ерекше көзге түскені — Умида Садықова. Ол жекпе-жегін бірінші раундта нокаутпен аяқтады.

Жартылай финал нәтижелері

Ерлер

  • 50 кг: Санжар Тәшкенбай — Карлос Диас Лопес (Испания) — Ташкенбай жеңді, төрешілердің бір ауыздан шешімімен
  • 50 кг: Нұрзат Оңғар — Исмаэль Маграуи Фриа (Испания) — Маграуи Фриа жеңді, бөлінген шешіммен
  • 55 кг: Махмұд Сабырхан — Манденгбам Джадумани Сингх (Үндістан) — Сабырхан жеңді, бір ауыздан
  • 70 кг: Төрехан Сабырхан — Хитеш (Үндістан) — Сабырхан жеңді, бір ауыздан
  • 70 кг: Нұрбек Мұрсал — Дипак (Үндістан) — Дипак жеңді, 1-раундта қарсылас жарақатына байланысты бас тартты
  • 75 кг: Тимур Нұрсейтов — Акаш (Үндістан) — Акаш жеңді, бөлінген шешіммен
  • 75 кг: Аман Қонысбеков — Юрий Захареев (Украина) — Қонысбеков жеңді, бөлінген шешіммен
  • 80 кг: Азамат Бектас — Анкуш (Үндістан) — Анкуш жеңді, бөлінген шешіммен
  • 85 кг: Нұрбек Оралбай — Рикардо Адриан Фреснеда (Испания) — Оралбай жеңді, бөлінген шешіммен
  • 90 кг: Сағындық Тоғамбай — Павел Мичковский (Украина) — Тоғамбай жеңді, бір ауыздан
  • 90+ кг: Нұрасыл Асылхан — Дмитрий Ловчинский (Украина) — Асылхан жеңді, бөлінген шешіммен
  • 90+ кг: Айбек Оралбай — Андрей Халецкий (Украина) — Оралбай жеңді, бір ауыздан

Әйелдер

  • 48 кг: Елянұр Тұрғанова — Марта Лопес дель Арболь (Испания) — Лопес дель Арболь жеңді, бір ауыздан
  • 65 кг: Назерке Серік — Пранджал Ядав (Үндістан) — Серік жеңді, бөлінген шешіммен
  • 80 кг: Гүзәл Садықова — Наина (Үндістан) — Наина жеңді, бір ауыздан
  • 80+ кг: Умида Садықова — Каур Манкират (Үндістан) — Садықова жеңді, 1-раундта техникалық нокаут
  • 80+ кг: Панар Сейітханқызы — Тиндая Люсия Гильен Ортис (Испания) — Сейтханқызы жеңді, бір ауыздан
Реклама
Реклама