Ла-Нусиядағы жүйке жұқартқан айқас: Нұрбек Оралбай үшін финал жолдамасы оңайлықпен бұйырмады
Нұрбек Оралбай Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде жартылай финалда сынға түсті.
olympic.kz
Оралбай 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде турнир қожайыны Рикардо Адриан Фреснедамен жұдырықтасты. Үш раундқа созылған айқастың қорытындысында төрешілер бөлінген шешіммен (3:2) қазақстандықтың жеңісін тіркеді.
Нұрбектің мансабындағы ірі нәтижелердің қатарында:
- Париж Олимпиадасының күміс жүлдесі (2024)
- IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы (2023)
- Азия чемпионатының қола жүлдесі (2022) бар.
Boxam Elite-2026 — Қазақстан ерлер құрамасы үшін жаңа бас бапкер Нұржан Нәсановтың жетекшілігіндегі алғашқы ресми турнир. Ол бұл қызметке бұрынғы бас бапкер Қайрат Сәтжановтың орнына келді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet