Жекпе-жек бүгін Ташкент қаласында жеңіл салмақ дәрежесінде өтті.
Ташкентте өткен Mangu Professional League 1 турнирінде Қазақстан мен Өзбекстан спортшылары арасында жекпе-жек өтті.
Жеңіл салмақтағы кездесуде қазақстандық файтер Ялимса Жандәулет (2-0) пен өзбекстандық Бехруз Исроилов (4-1) октагонға шықты. Үш раундқа жоспарланған айқас толық қашықтыққа жеткен жоқ.
Екінші раундта Исроилов партерде басымдық танытып, қарсыласын жойқын соққылармен тізе бүктірді. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатып, техникалық нокаут тіркелді. Жекпе-жек видеосын төменнен көруге болады.
Бұл жеңіс Бехруз Исроиловқа кәсіби ММА-дегі бесінші жеңісін алып келді. Ал Ялимса Жандаулет үшін бұл кәсіби мансабындағы алғашқы жеңіліс болды.