Махмұд Сабырхан әлем чемпионын мерзімінен бұрын тізе бүктірді
07.02.2026, 23:06
Махмұд Сабырхан Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінің финалында жеңіске жетті.
Instagram/@boxingkazakhstan
"Алтын" тағдыры ерте шешілді
Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Англия өкілі, әлем чемпионы Эллис Троубриджбен жұдырықтасты. Жекпе-жек екінші раундтың басында мерзімінен бұрын тоқтатылды. Ағылшын боксшысының қабағы жарылып, дәрігерлер кездесуді жалғастыруға тыйым салды. Осылайша Махмұд Сабырхан турнирдің алтын медалін иеленді.
Сабырханның басты жетістіктері
Махмұд Сабырхан — Қазақстан құрамасының ең беделді әрі тұрақты нәтиже көрсетіп жүрген боксшыларының бірі. Оның қоржынында:
- Ташкенттегі (Өзбекстан) 2023 жылғы әлем чемпионатының алтыны;
- Ливерпульдегі World Boxing 2025 әлем чемпионатының алтыны;
- Белградтағы (Сербия) әлем чемпионатының күмісі бар.
- Сондай-ақ ол 2022 және 2024 жылдардағы Азия чемпионаттарында алтын және күміс жүлделерді жеңіп алған.
Эллис Троубридж — World Boxing 2025 (Ливерпуль) әлем чемпионы. Бұдан бөлек Ұлыбритания біріншіліктерінде де бірнеше рет топ жарған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама