Екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінің финалында жеңіске жетті.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы финалда ринг иесі испаниялық Исмаэль Маграуи Фриамен қолғап түйістірді. Жекпе-жек Тәшкенбайдың төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңісімен аяқталды.
Ең маңызды сәттердің бірі екінші раундта тіркелді. Қарсыласына нокдаун саналып, Санжар кездесудің қарқынын толық өз қолына алды. Осылайша отандасымыз 2026 жылды беделді турнирдегі алтын медальмен бастады.
Тәшкенбай — әлемдік аренада тұрақты нәтиже көрсетіп жүрген боксшылардың бірі. Оның еншісінде:
Испаниялық Исмаэль Маграуи Фриа ел ішінде жастар деңгейінде бірнеше мәрте чемпион атанып, жүлде алғанымен, халықаралық жарыстарда әзірге айтарлықтай үлкен табысқа қол жеткізе қойған жоқ.