Реклама
Реклама

Арман Царукян Оливейраға қарсы қайта жекпе-жек өткізуге дайын

Сарапшы, спорт журналисі
08.02.2026, 14:29

Алғашқы жекпе-жегінде Арман Царукян бразилилялық файтерді төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

Сурет: ашық дереккөзден

UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде екінші орында тұрған Арман Царукян келесі жекпе-жегін осы дивизионның бұрынғы чемпионы, бразилиялық Чарльз Оливейраға қарсы өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Файтердің айтуынша, қазіргі таңда бұл кездесуге қатысты нақты ақпарат жоқ. Дегенмен ол чемпиондық белбеу үшін айқасуға үмітті. Царукян үшін қарсыластың кім екені, жекпе-жектің қайда және қай салмақта өтетіні маңызды емес екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол BMF белбеуі үшін болатын жекпе-жектің жеңімпазымен де күш сынасуға қарсы емес екенін жеткізді.

Арман алдағы жекпе-жекте Чарльзге жақтасатынын жасырмады

Арман Царукян Чарльз Оливейраның BMF титулы үшін өтетін жекпе-жекте жеңіске жетуін қалайтынын жасырмады. Оның сөзінше, екі файтердің арасында бұрыннан қалыптасқан тарих бар, сондықтан реванш ұйымдастыруға толық негіз жеткілікті.

Царукян кейбір жанкүйерлердің олардың алғашқы кездесуінде оның жеңісін даулы деп санайтынын да атап өтті. Алайда ол сол жекпе-жекте барлық раундта басым болғанына сенімді екенін айтты.

Қазақстандық файтер бұл жолы Оливейраны мерзімінен бұрын жеңу арқылы сол жеңістің кездейсоқ болмағанын дәлелдеп, екі жыл бұрын да қарсыласынан деңгейі жоғары болғанын көрсетуді мақсат етіп отыр.

Оқи отырыңыз:

Реклама
Реклама