Қазақстандық ММА файтері Николай Веретенников UFC ұйымының 2026 жылдан бастап енгізген жаңа ақшалай бонусын алғаш болып иеленіп, ел спортының тарихында ерекше белгі қалдырды.
UFC 2026 жылдан бастап жекпе-жекті нокаутпен (KO) аяқтаған файтерлердің бәріне қосымша 25 мың доллар төлейді. Бұл шамамен 12 366 000 теңге көлеміндегі сыйақы.
Қазақстандықтар арасында дәл осы жаңа бонусты алғаш болып Веретенников алып отыр.
Николай Веретенников америкалық файтер Нико Прайсты бірінші раундта нокаутпен тоқтатты. Үш раундқа жоспарланған айқас ұзаққа созылмай, қазақстандықтың дәл соққысынан кейін ерте аяқталды.
Веретенников бұл жекпе-жекке үш апталық ескертумен шыққан. Соған қарамастан жарқын жеңіс оған UFC-мен төрт жекпе-жекке арналған жаңа келісімшарт әкелді.
Жақын уақытта UFC октагонында өнер көрсететін, сондай-ақ ұйымның бонустарына таласа алатын қазақстандық файтерлер:
Ал Асу Алмабаев 1 наурыз күні Брэндон Мореномен шығуы тиіс болған жекпе-жектен жарақатына байланысты бас тартты.