Жас Головкиннің әлем чемпионы атағы үшін айқасы нокаутпен аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Темиров (9-0, 6 KO) Германияның Бад-Херсфельд қаласында өткен бокс кешінде жарқын жеңіске жетіп, WBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуін иеленді.

Жас Головкиннің әлем чемпионы атағы үшін айқасы нокаутпен аяқталды
osthessen-news.de

Жекпе-жек қалай өтті?

Темиров рингте жеңіліс көрмеген неміс боксшысы Доменик Арнольдпен (5-0, 2 KO) қолғап түйістірді. Айқас орта салмақта өтіп, 12 раундқа жоспарланған болатын.

Белбеу тағдыры толық дистанцияға жетпеді: қазақстандық боксшы қарсыласын 5-раундта техникалық нокаутпен (TKO) тоқтатты.

Нәтиже және статистика

  • Виктор Темиров кәсіби мансабындағы 10-жеңісін тіркеді
  • WBF чемпионы атанып, титулдық белбеуді қанжығасына байлады
  • Доменик Арнольд кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісін қабылдады

Виктор Темиров рингте “Қасапшы” деген лақап атпен белгілі. Дегенмен неміс жанкүйерлері оны көбіне жас Геннадий Головкинге ұқсатып, дәл сол сияқты Германияда өз жолын бастап, деңгейін көтеріп келе жатқан боксшы ретінде бағалайтыны да айтылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір