Molodoy бастаған FURIA IEM Krakow 2026 турнирінің гранд-финалына шықты

Сарапшы, спорт журналисі

Жартылай финалда Furia Esports азулы Team Spirit-пен кездескен болатын.

Molodoy бастаған FURIA IEM Krakow 2026 турнирінің гранд-финалына шықты
Сурет: ашық дереккөзден

CS2 бойынша IEM Krakow 2026 турнирінің плей-офф кезеңіндегі тартысты жартылай финалда FURIA Esports командасы Team Spirit ұжымын жеңіп, гранд-финалға шықты.

Ойын қалай өтті?

Кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Бразилиялық команда Mirage картасында жеңіске жетті (16:13), Dust II картасында жол берді (8:13), ал шешуші Nuke картасында айқын басымдық танытып, матчты өз пайдасына жапты (13:7).

Данил molodoy Голубенко жетекшілік ететін ұжым шешуші раундтарда мінез бен салқынқанды ойын көрсетіп, турнирдің басты матчының жолдамасын қамтамасыз етті. Ал Team Spirit үшін чемпиондыққа талас осы кезеңде аяқталды — Борис magixx Воробьёвтің командасы енді үшінші орын үшін өтетін матчта өнер көрсетеді. Олардың қарсыласы Team Vitality – MOUZ жұбы арасындағы кездесудің жеңілген командасы болады.

Ал Матье ZywOo Эрбо мен Людвиг Brollan Бролин бастаған ұжымдар арасындағы текетірес ойын күнін жалғастырады.

Жүлде қоры жайлы

Айта кетейік, IEM Krakow 2026 турнирі 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтуде. Әлемнің үздік командалары чемпиондық атақ пен 1 миллион доллар жүлде қоры үшін бақ сынап жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір