Team Vitality IEM Krakow 2026 турнирінің чемпионы атанды
Финалдық кездесуде FURIA Esports командасын 3:1 есебімен жеңді.
Team Vitality CS2 бойынша өткен IEM Krakow 2026 турнирінің финалында FURIA Esports командасын жеңіп, чемпиондық титулды иеленді.
Финал қалай өтті?
Гранд-финал best-of-5 форматында өтті және 3:1 есебімен аяқталды:
- Mirage — 11:13
- Inferno — 13:8
- Nuke — 13:2
- Overpass — 13:10
Нәтижесінде Матье ZywOo Эрбо бастаған ұжым турнирдің басты жүлдесін жеңіп алды.
Жүлде қоры қалай бөлінеді?
- 1-орын — Team Vitality: $400 000
- 2-орын — FURIA Esports: $180 000
- 3-орын — Team Spirit: $100 000
Жалпы турнирдің жүлде қоры $1 000 000 болды.
ZywOo — турнирдің ең үздік ойыншысы
HLTV.org порталының нұсқасы бойынша, Team Vitality снайпері Матье ZywOo Эрбо IEM Krakow 2026 турнирінің ең құнды ойыншысы (MVP) деп танылды.
Франциялық ойыншы:
- турнирді 1.59 орташа рейтингпен аяқтады;
- барлық карталарда kill/death көрсеткіші оң болды;
- мансабындағы 29-MVP марапатын жеңіп алды.
Бұл көрсеткіш бойынша ZywOo HLTV рейтингінде көш бастап тұр. Екінші орында — s1mple (21 MVP).
IEM Krakow 2026 жарысы 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтті. Әлемнің үздік командалары Польшада чемпиондық атақ пен ірі жүлде қоры үшін бақ сынады.