Алматыда өткен BLAST Slam VI турнирінің шешуші финалдық ойыны эмоцияға толы болды: NaVi турнир фавориті Team Liquid командасына лайықты қарсылас атанды. Оны Olimpbet ұйымдастырған пабстомп қонақтары үлкен экраннан тамашалап, шахмат турниріне қатысып, түрлі байқаулар мен интерактивтерде бақ сынады.
Dota 2 ойынының жүзге жуық жанкүйері BLAST Slam VI финалын бірге көру үшін жиналды. Қатысушылар “кейіпкерді сипаттамасы бойынша тап” және болжау сынды сайыстарда интуициясын сынап көрді.
Кеш барысында стример Аля ABQueen Бекбаева жүргізген шахмат турнирі ең танымал және қызу талқыланған бөлімдердің бірі болды.
Айгера Дунамис пен Аля ABQueen жанкүйерлермен белсенді түрде тілдесіп, суретке түсіп, матчтың маңызды сәттерін бірге талқылады.
“Эфирден шыққан адам ретінде айтарым: пабстомп – бұл өз алдына бір жанр, пікірлес жандармен уақыт өткізудің тамаша тәсілі. Жылы атмосфера, қызықты байқаулар, бағалы сыйлықтар мен белсенді көрермендер – бәрі көңіл күй қалыптастыруға сеп болды. Ең бағалысы – бір-бірін танымайтын жандар бір команда секілді уайымдап, бірге қуанды. Керемет іс-шара үшін Olimpbet-ке алғыс! Келесісін асыға күтемін”, – Female Pro League елшісі Айгера Дунамис.