"Молодойдың" қалыңдығы PGL-ді шулатты

Сарапшы, спорт журналисі

PGL Cluj-Napoca 2026 турнирінде басты назар әлемнің үздік CS2 ойыншыларына ғана емес, Қазақстаннан барған жанкүйер Адинаға да ауды. Онымен түсірілген кадрлар ресми трансляцияда жиі көрсетіліп, видеолар әлеуметтік желілерде тез тарады. Ол кім өзі?

"Молодойдың" қалыңдығы PGL-ді шулатты
olimpbet.kz

PGL Cluj-Napoca 2026 турнирінде көзге көп түскен – Olimpbet Esports өкілдері Адина Жүсіпова мен Алдияр Жекешов қазақстандықтарды қолдау үшін Румынияға арнайы ұшып барды. Атап айтқанда, FURIA сапындағы Данил "molodoy" Голубенко және PARIVISION командасының жаттықтырушысы Дастан "dastan" Ақбаевқа. 

Алайда кей жанкүйер Адинаны "Даняны алаңдатты" деп айыптап, турнир барысында қарым-қатынасын өзгертіп отырды деген пікір айтты. Бұған қазақстандық бойжеткеннің The MongolZ жанкүйерлерімен байланысқа түскені себеп болды. Алғашында ол molodoy-ға жанкүйер болса, FURIA турнирден шығып қалғаннан кейін Дастанды қолдаған.

Фото: olimpbet.kz

"Мен өз отандастарымды қолдадым, бұл мен үшін табиғи нәрсе", – деп түсіндірді ол.

Адинаның айтуынша, моңғол жанкүйерлерімен тез тіл табысып кеткен, ал бразилиялықтардың оған ренжитін еш негізі жоқ.

Бір жағдай – аса танымал стример Иван StRoGo Шурпатовтың қыздың әрекетін көпшілік алдында сынауына қатысты реакция болды.

Жауап көп күттірген жоқ: трансляция кезінде Адина телефон экранын көрсетіп, стримердің өте төмен ойын көрсеткішін – 0.5 KD-ні жария етті. Әдетте сөзге шешен Иван бұл жолы тіпті тіл қатпай қалды.

"StRoGo-мен толыққанды қақтығыс болған жоқ. Мен тек оның маған қатысты пікіріне жауап беруді жөн көрдім", – деді ол.

Осылайша, m0l0doy-дың "қалыңдығы" атанған Адина PGL турнирінің сенсациясына айналды. Әртүрлі елдің жанкүйерлері онымен видеолар түсірді. Ал ерекше құрметті Адина Алекси "Aleksib" Виролайненнен көрді. Natus Vincere капитаны оған арқасында никнеймі жазылған күртесін сыйға тартты.

Фото: olimpbet.kz

"Мен мұндай қадамды шынымен күтпедім. Бұл – турнирдегі ең есте қаларлық сәттердің бірі", – деді ол.

Адина Жүсіпованың қатысуымен түсірілген PGL Cluj-Napoca 2026 турнирі мен өзге де іс-шаралардағы ең көп талқыланған видеоларды Olimpbet Esports-тың әлеуметтік желілерінен көре аласыздар: TikTok, Instagram, Telegram және YouTube.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір