eKPL деп аталатын чемпионат маусымы үш негізгі кезеңнен тұрады.
Қазақстанда биыл алғаш рет ресми eKPL киберфутбол лигасы ұйымдастырылады. Жаңа жоба EA SPORTS FC 26 ойыны аясында өтеді және халықаралық FC Pro экожүйесінің құрамына енеді.
eKPL – eKPL – ресми ұлттық киберспорт жарысы санатында ЕА SPORTS FC 26 ойынының Ultimate Team режимінде өтеді.
Лиганың басты мақсаты – қазақстандық футбол клубтарын жаһандық киберфутбол жүйесіне интеграциялау және клуб брендтерінің цифрлық аудитория арасындағы танымалдығын арттыру.
eKPL маусымы үш негізгі кезеңнен тұрады:
Клубтар өз атынан өнер көрсететін ойыншыларды анықтау үшін ішкі турнирлер өткізеді.
Қазақстанның барлық өңірінен қатысатын клубтар арасында онлайн форматта чемпионат өтеді.
Маусым LAN форматындағы шешуші турнирмен аяқталады. Финал тікелей эфирде көрсетіліп, арнайы қонақтар қатысады. Осы кезеңде ұлттық чемпион анықталады.
eKPL жеңімпазы Қазақстан атынан UEFA Чемпиондар лигасының киберспорттық нұсқасында және EA SPORTS FC Pro World Championship турнирінің іріктеу кезеңінде бақ сынауға мүмкіндік алады.
Бұл жарыстарға Еуропаның жетекші клубтары мен ұлттық лигалардың чемпиондары қатысады.