Күтпеген финал және жергілікті сахнаның триумфы. MPL by Olimpbet Қазақстан мен өңір командалары үшін тұрақты жарыс алаңы ретінде өз орнын нығайтып келеді.
MPL Series by Olimpbet – MySkill Pro League аясындағы жеке формат. Лиганың классикалық маусымдарынан айырмашылығы — олар онлайн кезеңнен және стадионда өтетін офлайн финалдан тұрады, ал Series – қысқа әрі шағын форматтағы турнир.
Бұл турнир толықтай LAN форматында, яғни офлайн режимде, барлық командалар бір алаңда жиналып өткізілді.
Сонымен бірге турнирдің мәртебесі ресми: матчтар VRS жаһандық рейтингіне есептеледі. Демек, командалар рейтингтік ұпай жинайды, ал бұл ұпайлар ірі турнирлерге шақырту мен қатысу мүмкіндігіне тікелей әсер етеді.
Турнирге Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Түркиядан 10 команда қатысты.
Ең жоғары рейтингке ие қатысушылардың бірі — ресейлік HOTU командасы болды. Турнир кезінде олар VRS рейтингінде 28-орында тұрған және жарысқа басты фавориттердің бірі ретінде келген.
Алайда олар финалға жете алмады. Қола жүлде үшін матчта WATERMELON командасын 2:1 есебімен жеңіп, үшінші орынмен шектелді.
Ал финалда OMEGA мен Novaq кездесті. Бұл — MPL тарихындағы алғашқы толықтай қазақстандық финал болды. Серия Novaq командасының 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Айта кету керек, қазіргі таңда OMEGA командасы VRS рейтингінде 77-орында, ал HLTV рейтингінде 96-орында тұр. Бұл — өңір командалары арасындағы ең үздік көрсеткіш.
Ал Novaq одан төмен орналасқан (VRS #96, HLTV #151), бірақ шешуші матчта өз мүмкіндігін тиімді пайдаланып, жеңіске жетті.
Турнирге сондай-ақ FURIA командасының қазақстандық жұлдыз ойыншысы Данил "molodoy" Голубенко келді. Ол Rune Eaters қазақстандық ұжымының жаттықтырушысы ретінде MPL Series by Olimpbet турниріне қатысты.
MPL турнирі 2025 жылдан бері өткізіліп келеді және Алматыда өтетін финалдарымен тұрақты офлайн алаң ретінде қалыптасты.
Ал Series форматы осы модельді кеңейтіп, жарыстық маңыздылық пен VRS рейтингтік ұпайларын сақтап отыр.
MySkill компаниясының бас директоры Ярослав Мун:
"Турнир сәтті өтті, әсіресе қазақстандық командалар үшін. Финалда Novaq пен OMEGA ойнады — бұл өз алдына үлкен серпіліс. Алғашқы MPL Series финалында ресейлік HOTU мен BB team кездескен еді. Бірақ бұл жолы біздің командалар өңіріміздің әлсіз емес екенін, мұнда ұпай жинау оңай емес екенін көрсетті".
Olimpbet маркетинг директоры Геннадий Шемраев:
"MPL аясындағы алғашқы толықтай қазақстандық финал — сахна үшін маңызды белгі. Біз елде CS2 ойынына деген қызығушылықтың өсіп жатқанын көріп отырмыз. Olimpbet алдағы уақытта да Орталық Азия командалары өздерін көрсете алатын, титулдар мен VRS ұпайлары үшін күресетін турнирлерді қолдай береді".
Киберспорттық іс-шаралар продюсері Клифф Келли:
"Біз көрші елдердің командаларын турнирлерде сирек көреміз. Бұл жолы қырғызстандық THE UNIT құрамасы жағымды әсер қалдырды, плей-оффқа өте алмаса да. Бірақ одан да қуантқаны — осы турнирде OMEGA жігіттерінің көрсеткен ойыны. Қазір олар өңіріміздегі ең үздік команда екенін толық дәлелдеді".