Реклама
Реклама

Бірінші раундта чемпион атанған боксшы артынша мансабын аяқтады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 07:41

Германия атынан өнер көрсететін былғары қолғап шебері Артур Манн қарсыласын алғашқы раундта сұлатып тастады. 

mma.metaratings.ru

Қазақстанда туып, Германия атынан өнер көрсететін былғары қолғап шебері Артур Манн (22-5, 13 KO) Бад-Херсфельд қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жарқын жеңіске жетті.

Артур Манн рингте венесуэлалық боксшы Грегори Гарсиямен (12-3-1, 10 KO) кездесті. Бірінші ауыр салмақта өткен жекпе-жек 12 раундқа жоспарланғанымен, айқас ұзаққа созылған жоқ. Артур Манн қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Әлемдік титул және тарихи шешім

Осылайша, Манн кәсіпқой боксшы мансабындағы 23-жеңісін тойлады. WBF нұсқасы бойынша крузервейттегі әлем чемпионының (екінші дәрежелі) титулын иеленді. 

Ал Грегори Гарсия үшін бұл кәсіби мансабындағы төртінші жеңіліс болды.

Бір қызығы, жекпе-жектен кейін Артур Манн күтпеген шешім қабылдап, кәсіпқой боксшы ретіндегі мансабын аяқтайтынын ресми түрде жариялады.

Оқи отырыңыздар:

Қазақстан балуандары Загребте қос қолаға қол жеткізді

Қазақстаннның бес дүркін чемпионы стадионсыз қалды

Ұлттық құрама боксшылары Мұқағали Мақатаевқа құрмет көрсетті

Реклама
Реклама