Нұртас Әжбенов кәсіпқой бокстан өтетін ірі турнир — "IBA.PRO 15" кешінде рингке шығады. Бәсеке 12 наурызда Санкт-Петербургте өтеді.
Қазақстандық боксшы жеңіл салмақта өтетін 8 раундтық жекпе-жекте ресейлік Илья Поповпен күш сынасады. Айта кетейік, Попов 2025 жылғы әлем чемпионатында (63,5 кг дейін) алтын медаль жеңіп алған.
Кештің негізгі оқиғасы — бірінші орта салмақтағы 10 раундтық рейтингтік айқас. Бұл жекпе-жекте ресейлік Павел Сосулин мен австралиялық Камил Балла кездеседі.
Сосулин соңғы жекпе-жегін қарашада өткізіп, IBA.PRO Intercontinental белбеуін қорғады: ол испаниялық Хорхе Фортеаны екінші раундта нокаутқа түсірген.
Ал Камил Балла ресейлік Сергей Воробьёвті бір ауыздан қабылданған төрешілер шешімімен жеңген.