Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин 2026 жылғы дайындық жоспарын жариялап, көшбасшы боксшылардың алдағы алғашқы ресми старттарын нақтылады.
Бапкердің айтуынша, жыл басында құрама Алматы облысы Жанашар ауылында оқу-жаттығу жиынын өткізген. Бірінші кезең аяқталған соң, былтырғы Қазақстан чемпионатында үздік бестікке кірген боксшылар тәжірибе жинау үшін Испаниядағы Boxam Elite халықаралық турниріне аттанған.
Нәтижесінде Қазақстан құрамасы:
Сайдалин бұл додада алғаш рет жоғары деңгейдегі жарысқа қатысқан спортшылардың да болғанын атап өтті.
Қазір Алматы облысында дайындықтың екінші кезеңі басталған. Бұл жолы жиынға толық құрам жиналып, команда Болгарияда өтетін беделді халықаралық турнир “Странджа кубогына” дайындыққа кіріскен.
Жиынға ұлттық құраманың негізгі лидерлері де қосылған:
Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Наталья Богданова.
Бұл төрт боксшы бұған дейін алғаш рет АҚШ-та екі апталық оқу-жаттығу жиынын өткізген. Онда бірнеше елдің командалары жиналып, пайдалы спаррингтер ұйымдастырылған. Қатысушылар қатарында Қытай, Финляндия, АҚШ, Англия және өзге елдердің өкілдері болған.
Елдос Сайдалиннің мәліметінше, құрама көшбасшылары сәуір айында Бразилияда өтетін Әлем кубогының бірінші кезеңіне қатысады. Бұл — Назым Қызайбай үшін де 2026 жылғы алғашқы ірі халықаралық жарыстардың бірі болмақ.
Бапкердің сөзінше, 2026 жылғы ең негізгі старт — Жапонияда өтетін Азия ойындары. Құрама бұл кешенді додада жоғары нәтиже көрсету үшін жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.