Шавкат Рахмонов UFC бойынша шешім қабылдады

Сарапшы, спорт журналисі

Жуырда отандасымыз Еуропадағы ауруханалардың бірінде операция жасатқан болатын. 

Шавкат Рахмонов UFC бойынша шешім қабылдады
fighttime.ru

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, жартылай орта салмақ дәрежесі бойынша UFC рейтингінде үшінші орында тұрған Шавкат Рахмонов операциядан кейін мансабын жалғастыру туралы нақты шешім қабылдады. Бұл туралы оның командаласы Фаниль Рафиков мәлімдеді.

Рафиконың айтуынша, Рахмонов тізесіне жасалған хирургиялық операцияны Еуропадағы клиникалардың бірінде жасатқан. Дәрігерлер оның нәтижесін оң бағалап отыр.

Алдын ала болжам бойынша, спортшының толық қалпына келуі алты-жеті айға созылуы мүмкін. Дегенмен жаттығу мен жарыс процесіне оралу мерзімі шамамен 9–10 айды қамтиды.

Шавкаттың шешімі: октагонға қайта оралу

Ұзақ үзіліске қарамастан, Шавкат Рахмоновтың мотивациясы жоғары деңгейде сақталған. Фаниль Рафиковтың сөзінше, файтер өзі жеке сөйлесіп, UFC-дегі мансабын жалғастыратынын растаған.

Айта кетейік, Шавкат Рахмоновтың тізесімен байланысты мәселе 2024 жылдың 7 желтоқсанында Иэн Гэрримен өткен жекпе-жекте басталды. Айқас барысында ол ауыр жарақат алды. Соның салдарынан 2025 жылғы маусымды толық өткізіп алды.

Бастапқы жоспар бойынша спортшы 2026 жылдың басында октагонға оралуы тиіс еді. Бірақ қаңтар айында жарақат қайта асқынып, қосымша операция жасауға тура келді.

UFC-дегі болашақ

Шавкат Рахмоновтың қалпына келу кезеңі ұзаққа созылғанымен, оның дивизиондағы позициясы сақталып отыр. Егер оңалту процесі жоспар бойынша өтсе, қазақстандық файтер 2026 жылдың соңына қарай октагонға қайта шығуы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір