Бас бапкер Назым Қызайбайдың 2026 жылғы алғашқы жарысын атады

Сарапшы, спорт журналисі

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин 2026 жылғы дайындық жоспарын жариялап, көшбасшы боксшылардың алдағы алғашқы ресми старттарын нақтылады.

Бас бапкер Назым Қызайбайдың 2026 жылғы алғашқы жарысын атады
Instagram/@nazym_kyzaibay09

2026 жыл Жанашардағы жиыннан басталды

Бапкердің айтуынша, жыл басында құрама Алматы облысы Жанашар ауылында оқу-жаттығу жиынын өткізген. Бірінші кезең аяқталған соң, былтырғы Қазақстан чемпионатында үздік бестікке кірген боксшылар тәжірибе жинау үшін Испаниядағы Boxam Elite халықаралық турниріне аттанған.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы:

  • 1 алтын,
  • 2 күміс,
  • 1 қола медаль жеңіп алды.

Сайдалин бұл додада алғаш рет жоғары деңгейдегі жарысқа қатысқан спортшылардың да болғанын атап өтті.

Екінші кезең басталды: басты нысана — “Странджа кубогы”

Қазір Алматы облысында дайындықтың екінші кезеңі басталған. Бұл жолы жиынға толық құрам жиналып, команда Болгарияда өтетін беделді халықаралық турнир “Странджа кубогына” дайындыққа кіріскен.

  • Өтетін уақыты: 23 ақпан – 1 наурыз
  • Өтетін орны: София (Болгария)
  • Қатысушылар: құраманың 1-ші және 2-ші командалары

Жиынға ұлттық құраманың негізгі лидерлері де қосылған:

Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Наталья Богданова.

Бұл төрт боксшы бұған дейін алғаш рет АҚШ-та екі апталық оқу-жаттығу жиынын өткізген. Онда бірнеше елдің командалары жиналып, пайдалы спаррингтер ұйымдастырылған. Қатысушылар қатарында Қытай, Финляндия, АҚШ, Англия және өзге елдердің өкілдері болған.

Назым Қызайбайдың 2026 жылғы алғашқы старты қашан?

Елдос Сайдалиннің мәліметінше, құрама көшбасшылары сәуір айында Бразилияда өтетін Әлем кубогының бірінші кезеңіне қатысады. Бұл — Назым Қызайбай үшін де 2026 жылғы алғашқы ірі халықаралық жарыстардың бірі болмақ.

Бапкердің сөзінше, 2026 жылғы ең негізгі старт — Жапонияда өтетін Азия ойындары. Құрама бұл кешенді додада жоғары нәтиже көрсету үшін жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір