Айбек Оралбайдың басты қарсыласы Дана Уайттың қарамағына өтті
UFC ұйымының президенті Дана Уайт жетекшілік ететін Zuffa Boxing промоушені өз қатарына Өзбекстанның үш боксшысын қосты.
Кімдер Zuffa Boxing-пен келісімшартқа отырды?
Olamsport мәліметінше, Zuffa Boxing-пен келісімшартқа:
- Отабек Холматов — WBA тұжырымы бойынша жартылай жеңіл салмақта белбеуге бұрын үміткер болған;
- Джахонгир Зокиров — кәсіпқой бокста дебют жасап үлгерген, қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс есім;
- Рахматулло Бойматов — Өзбекстанның қазіргі чемпионы қол қойған.
Инстаграмдағы ақпаратта үш боксшының алғашқы жекпе-жектерінің нақты күні әзірге белгісіз екені айтылған. Дегенмен үшеуі де қазір АҚШ-та жаттығу процесін өткізіп жүр.
Зокиров Қазақстан жанкүйерлеріне таныс
Үш боксшының ішінде қазақстандық аудиторияға ең белгілісі — Джахонгир Зокиров. Ол спорттық ортада "Джалоловтың мұрагері" деген лақап атпен де аталады (мұнда екі дүркін Олимпиада чемпионына меңзеу жасалады).
Ең маңыздысы — Зокиров Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбайдың принципті қарсыласы саналады.
2025 жылы қос мықты бірнеше ірі турнирде кездескен:
- Странджа кубогы (София, Болгария): Зокиров Оралбайды жеңіп, кейін чемпиондыққа дейін барған.
- World Boxing әлем чемпионаты (Ливерпуль, Англия): бұл жолы финалда Айбек Оралбай Зокировтан басым түсті.
Zuffa Boxing-ке ауысу Зокировтың мансабын жаңа деңгейге шығарып қана қоймай, болашақта Қазақстан мен Өзбекстан боксы арасындағы бәсекені одан әрі қыздыра түсуі мүмкін.