WBO уақытша титулы үшін айқас күні белгілі болды. Жәнібек Әлімханұлы жеңімпаз боксшымен белбеуін қорғамақ.
Британдық Дензел Бентли (21-3-1, 17 КО) мен венесуэлалық боксшы Эндри Сааведра (17-1-1, 14 КО) арасында орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жектің күні белгілі болды.
Олардың айқасы 4 сәуір күні Ұлыбританияның Лондон қаласындағы O2 Arena кешенінде өтеді. WBO-ның орта салмақтағы рейтингінде Бентли мен Сааведра тиісінше бірінші және екінші орындарды иеленіп тұр. Бұл кездесудің жеңімпазы кейін осы дивизиондағы толыққанды WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) жұдырықтасуы тиіс.
Еске салайық, Әлімханұлының допинг-сынамасынан мельдоний табылып, ол бір жылға дисквалификацияланған еді. Оның жарыстардан шеттетілу мерзімі 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін жалғасады. Дисквалификация мерзімі аяқталған соң Жәнібек уақытша белбеу иесімен жекпе-жек өткізуге міндетті.
Айта кетейік, Әлімханұлы мен Бентли 2022 жылы шаршы алаңда кездескен. Ол кезде «Қазақ стилі» 12 раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен болатын.