Қазақстандық боксшы "Странджа" турнирінде бірден финалға жолдама алды

Сарапшы, спорт журналисі

Софияда (Болгария) болатын "Странджа" халықаралық бокс турнирінде Қазақстан құрамасының бір өкілі жеребе нәтижесі бойынша бірден финалға шықты.

Қазақстандық боксшы "Странджа" турнирінде бірден финалға жолдама алды
Надежда Рябец. Фото: ҰОК

Софияда (Болгария) өтетін, "Кіші әлем чемпионаты" деп те аталатын "Странджа" бокс турнирінің жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының бір өкілі бірден финалға жолдама алды.

Қазақстандық боксшы бірден алтын үшін жұдырықтасады

Финалдағы орнын қазақстандық боксшы Надежда Рябец қамтамасыз етті. Ол 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін Түркия өкілі Ярен Дюзташ пен Өзбекстан боксшысы Рухшона Парпиева арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен жұдырықтасады.

Еске сала кетейік, "Странджа" турнирі 23 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді. Бұл жарыста Қазақстан атынан 39 боксшы (19 ер және 20 әйел) бақ сынайды. Айта кету керек, кейбір салмақ дәрежелерінде ел намысын бірден үш өкіл қорғайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір