Жуырда отандасымыз АҚШ-та алғашқы айқасын өткізіп, сенімді жеңіске жеткен болатын.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырыс UFC ұйымындағы алғашқы жекпе-жегінен кейін сарапшылар тарапынан оң баға алды. Белгілі ММА-комментаторы Давид Кучашвили спортшының өнеріне ерекше тоқталды.
Әліби Ыдырыс (11-1) UFC Fight Night 267 турнирінде ямайка-америкалық файтер Оди Осборнмен (13-10) кездесті. Жекпе-жек АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтіп, аса жеңіл салмақ дәрежесінде (flyweight) үш раундқа жоспарланған болатын.
Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.
ММА-комментаторы Давид Кучашвили жекпе-жек қатысты өз ойымен бөлісіп, Әліби Ыдырыстың өнерін жоғары бағалады.
"Жекпе-жек маған өте ұнады. Тәжірибелі Оди Осборнға қарсы қазақстандық спортшы өзін тамаша көрсетті. Қарсыласын сенімді түрде жеңді. Әліби өте жақсы әсер қалдырды. Міндетті түрде оның келесі айқастарын бақылаймыз", — деді сарапшы.
Еске салайық, бұған дейін Ыдырыс UFC турнирінде жекпе-жек өткізді. Алайда ол кезде тек промоушенмен келісімшарт алу мүмкіндігі сарапқа салынған еді. Кейін Әліби UFC ұйымымен төрт жекпе-жекке арналған келісімшартқа қол қойды.