ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Қазақстандық балуандар қоржынды медальге толтырып қайтты

Қазақстан құрамасы Беларусьтегі Гран-приде 14 медаль жеңіп алды. 

Қазақстандық балуандар қоржынды медальге толтырып қайтты
BAQ.KZ

Беларусь астанасы Минскте күрестен даңқты балуан Александр Медведьті еске алуға арналған халықаралық Гран-при турнирі өтті. Аталған додада Қазақстан ұлттық құрамасы табысты өнер көрсетіп, жалпы есепте 14 медаль еншіледі.

Еркін күрес: бір алтын, екі күміс, жеті қола

Еркін күресте қазақстандық балуандар жүлделер қоржынын толтырды. Едіге Қасымбек (125 кг дейін) финалда қарсыласын жеңіп, алтын медаль иеленді.

Күміс жүлдегерлер:

  • Нұрлан Өтегенов (79 кг дейін)
  • Дәулет Ергеш (86 кг дейін)

Қола медаль иегерлері:

  • Мейіржан Аширов (74 кг дейін)
  • Ерасыл Мұхтарұлы (57 кг дейін)
  • Ади Серікұлы (65 кг дейін)
  • Начын Куулар (70 кг дейін)
  • Санжар Досжанов (74 кг дейін)
  • Нұркерім Ернияз (92 кг дейін)
  • Бейбарыс Қасымбек (92 кг дейін)

Әйелдер күресі: төрт жүлде

Қазақстандық балуан қыздар да жүлдесіз қайтқан жоқ.

Күміс медаль:

  • Лаура Ғаниқызы (50 кг дейін)
  • Алина Ертөстік (76 кг дейін)

Қола медаль:

  • Ирина Казюлина (68 кг дейін)
  • Елена Шалыгина (68 кг дейін)

Александр Медведь атындағы Гран-при — күрес әлеміндегі беделді халықаралық жарыстардың бірі. Бұл турнир көптеген құрамалар үшін әлемдік және құрлықтық чемпионаттарға дайындықтың маңызды кезеңі саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.