"Странджа"-2026: Қазақстандық дербиде төрешілер шешімі бәрін анықтады (ВИДЕО)
28.02.2026, 18:24
Болгарияның София қаласында өтіп жатқан "Странджа" халықаралық турнирінде отандық қос боксшы жартылай финалда жолықты.
instagram/@boxingkazakhstan
Әйелдер арасындағы 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әнел Сақыш пен Элина Базарова финал жолдамасын сарапқа салды. Жекпе-жек қорытындысында Базарова төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті — 3:2.
Осылайша Элина Базарова турнирдің финалына шығып, алтын жүлде үшін жұдырықтасатын болды. Ал Сақыш “Странджа” жарысын қола медальмен аяқтады.
Қазақстаннан бүгін тағы алты боксшы жартылай финалда шаршы алаңға шығады. Сондай-ақ жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы алдын ала бір финалистке ие болды. 80 кг салмақта Надежда Рябец алтын үшін бақ сынайды
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама