Қазақстан құрамасы Болгариядағы "Странджа" турнирінде тағы бір финалистке ие болды.
Есенкелді 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ирландиялық Грейн Уолшпен қолғап түйістірді. Айта кетейік, Уолш — World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем чемпионатында қола жүлде алған.
Тартысты кездесудің қорытындысында қазақстандық боксшы төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті — 4:1.
Осы нәтижеден кейін Лаура Есенкелді “Странджа” турнирінің алтын медалі үшін жұдырықтасады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасынан финалға Элина Базарова шыққан еді. Ол жартылай финалда отандасы Әнел Сақышты төрешілердің бөлек шешімімен жеңді. Сондай-ақ жеребе нәтижесі бойынша Надежда Рябец (80 кг) те финалдағы орнын алдын ала қамтамасыз еткен.