ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

"Странджа"-2026: Қазақстандық дербиде төрешілер шешімі бәрін анықтады (ВИДЕО)

Болгарияның София қаласында өтіп жатқан "Странджа" халықаралық турнирінде отандық қос боксшы жартылай финалда жолықты.

"Странджа"-2026: Қазақстандық дербиде төрешілер шешімі бәрін анықтады (ВИДЕО)
instagram/@boxingkazakhstan

Әйелдер арасындағы 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әнел Сақыш пен Элина Базарова финал жолдамасын сарапқа салды. Жекпе-жек қорытындысында Базарова төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті — 3:2.

Осылайша Элина Базарова турнирдің финалына шығып, алтын жүлде үшін жұдырықтасатын болды. Ал Сақыш “Странджа” жарысын қола медальмен аяқтады.

Қазақстаннан бүгін тағы алты боксшы жартылай финалда шаршы алаңға шығады. Сондай-ақ жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы алдын ала бір финалистке ие болды. 80 кг салмақта Надежда Рябец алтын үшін бақ сынайды

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.