UFC чемпионы белбеуден ресми түрде бас тартты

Сарапшы, спорт журналисі

UFC ұйымының жартылай ауыр салмақтағы чемпионы Алекс Перейра титулдан бас тартып, ауыр салмақ дивизионына өтуді таңдады. Бұл туралы ұйым президенті Дана Уайт хабарлаған. Перейраның салмақ ауыстыруына байланысты чемпиондық белбеу вакантты деп танылды.

UFC чемпионы белбеуден ресми түрде бас тартты
sportsnet.ca

Бос белбеу үшін кімдер төбелеседі?

Жартылай ауыр салмақтағы вакантты титул үшін Иржи Прохазка мен Карлос Ульберг өзара айқасады. Олардың жекпе-жегі UFC 327 турнирі аясында 12 сәуірге қараған түні жоспарланған.

Қазір Алекс Перейра 38 жаста. ММА-дегі кәсіби рекорды: 13 жеңіс, 3 жеңіліс.

Ол 2025 жылдың наурызында титулдық айқаста Магомед Анкалаевқа төрешілердің бірауыздан шешімімен есе жіберген. Алайда сол жылдың қазан айында қарымта қайтарып, қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңді.

Чемпиондық жолы: Прохазканы жеңіп, үш рет қорғаған

Перейра UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы чемпионы атағын 2023 жылдың қарашасында алғаш рет иеленген. Ол кезде Иржи Прохазканы тізе бүктірді. Одан кейін чемпиондық белбеуін үш мәрте сәтті қорғады. 

Бұған дейін бразилиялық файтер орта салмақта да өнер көрсеткен: 2022 жылдың қарашасында ол Исраэль Адесаньяны жеңіп, чемпиондық белбеуді алған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір