ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Қазақстандық боксшы 55-секундта нокаут жасап, финалға шықты (ВИДЕО)

Болгарияның София қаласындағы "Странджа" турнирінде Қазақстан құрамасы кезекті финалистін анықтады.

Қазақстандық боксшы 55-секундта нокаут жасап, финалға шықты (ВИДЕО)
vesti.kz

Қарсыласын бірінші раундта-ақ тоқтатты

80 келіден жоғары салмақтағы жартылай финалда Валерия Аксеноваға ринг иесі, болгариялық Алейна Мехмед қарсы тұрды. Жекпе-жек ұзаққа созылған жоқ. Қазақстандық боксшы бірінші раундта нокаутпен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Төреші қарсыласқа нокдаун санап болғаннан кейін, кездесуді 55-секундта тоқтатты.

Осы жеңістен кейін Валерия Аксенова “Странджа”-2026 турнирінің финалына шықты және енді алтын медаль үшін жұдырықтасады.

Екінші жартылай финалда тағы бір қазақстандық жұдырықтаты

Сондай-ақ 80+ кг салмақтағы екінші жартылай финалда Қазақстан атынан Дина Исламбекова Өзбекстан боксшысы Олтина Сотимбоеваға есе жіберді. Енді Аксенова өзбекстандықпен қолғап түйістіреді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.