Реклама
Реклама

Қазақстандық жас талант Futures Cup финалында жұдырықтасады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
14.03.2026, 12:37

Досжан Жұмақан Таиландта өтіп жатқан жастар арасындағы Futures Cup турнирінің финалына жолдама алды.

Instagram/@boxingkazakhstan

Финалға қалай шықты?

Досжан Жұмақан 60 келіге дейінгі жеңіл салмақтың жартылай финалында француз Давид Хурутюнянға қарсы шықты. Кездесу өте тартысты әрі жанкүйерлер үшін қызыққа толы өтті.

Жекпе-жекте қазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласынан бірқатар компонент бойынша басым түсті. Жылдамдығымен, дәл соққыларымен және белсенді қимылымен ерекшеленді. Сонымен қатар Досжан рингте бұрыштарды шебер кесіп, оң қолымен тиімді соққылар жасап, джебті сәтті пайдаланды.

Қазақстандықтың рингтегі артықшылығы неде болды?

Француз боксшысы да осал қарсылас болмады. Ол үнемі қысым жасап, ашық айқасқа шақырып отырды. Жекпе-жекте бірнеше қауіпті алмасулар болды. Соған қарамастан Досжан Жұмақан салқынқанды әрі сауатты бокс көрсетті.

Қазақстандық кей сәттерде қарсыласын арқанға тіреп, жекелеген дәл соққылар арқылы шабуылды тежеп отырды. Ең бастысы қажетсіз тәуекелге бармай, ринг ортасында ашық айқасқа кіріп кетуден сақтанды. Футворктың көмегімен қауіпті сәттерді азайтып, өз артықшылығын сақтап қалды.

Қорытындысында Досжан Жұмақан Давид Хурутюнянды төрешілердің екіге бөлінген шешімімен жеңіп, Futures Cup турнирінің финалына шықты.

Реклама
Реклама