Бибарыс Әшірбай World Boxing ұйымының аясында алғаш рет ұйымдастырылып отырған Futures Cup U-19 турнирінің финалында шаршы алаңға көтерілді.
Бибарыс Әшірбай 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қырғызстандық Ахмади Арвазға қарсы тұрды. Финалдық жекпе-жек тартысты өтіп, екі боксшы да жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті.
Кездесу қорытындысында төрешілер жеңісті қазақстандық былғары қолғап шеберіне 3:2 есебімен берді.
Осылайша Әшірбай Қазақстан құрамасына турнирдегі кезекті алтын медальді әперді. Ал қырғызстандық Ахмади Арваз жарысты күміс жүлдегер ретінде аяқтады.
Айта кетейік, Futures Cup U-19 турнирінің финалында Қазақстан намысын сегіз боксшы қорғап жатыр. Бұған дейін ел қоржынына алтын медальді:
Бибарыс Әшірбайдың жеңісінен кейін Қазақстанның турнирдегі алтын медаль саны төртеуге жетті.