ҚПЛ
Жарнама
Жарнама
Қазақстандық боксшылар Өзбекстан құрамасымен жаттығу жиынын бастады
kaz.inform.kz

Қазақстандық боксшылар Өзбекстан құрамасымен жаттығу жиынын бастады

Наурыздың соңында ұлттық құрамалар Азия чемпионатына қатысады. 

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионаты-2026 қарсаңында халықаралық оқу-жаттығу жиынын бастады. Ол Түркістан облысындағы "Алматау" спорт базасында өтіп жатыр. 

Жиынға бес елдің құрамасы қатысуда

Қазақстан құрамасымен бірге оқу-жаттығу жиынына тағы төрт елдің боксшылары қатысып жатыр:

  • Өзбекстан
  • Түрікменстан
  • Түркия
  • Германия

ҚФБ мәліметінше, оқу-жаттығу жиыны барысында:

  • жалпы физикалық дайындық
  • техникалық машықтарды жетілдіру
  • спаррингтік кездесулер баса мән беріледі. 

Жаттығу барысынан түсірілген бейнежазбадан әлем чемпиондары, Азия чемпиондары мен Олимпиада жүлдегерлерін байқауға болады. 

Айта кетейік, World Boxing ұйымының алғашқы Азия чемпионаты 30 наурыз — 10 сәуір аралығында Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтеді.

Жарнама
Жарнама