Реклама
Реклама

Арман Әшімовтың жекпе-жегі жарияланды: қарсыласы — "Шоутайм" лақап атымен танымал

Сарапшы, спорт журналисі
21.03.2026, 22:12

M-1 лигасының бұрынғы уақытша чемпионы, қазақстандық файтер Арман Әшімов октагонға қайта оралады. 

instagram/@ashimarman92

Қашан және қайда жұдырықтасады?

Ресми мәліметке сәйкес, Арман Әшімовтың келесі жекпе-жегі 11 сәуірде "Алматы Аренада" өтетін турнир аясында ұйымдастырылады. Оның қарсыласы — Тәжікстан өкілі, "Шоутайм" лақап атымен танымал Дильшод Норкузиев болады.

ММА лигасы Nomad Fighting әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы кездесу туралы былай деп жазды:

"Арман Әшімов пен Дильшод "Шоутайм" Норкузиев арасындағы айқас жанкүйерлерге тартысты әрі әсерлі жекпе-жек сыйлауға уәде береді.

M-1 чемпионы Арман Әшімовтың көптен күткен оралуы және аренада шоу көрсетуге дайын жарқын файтер Дильшод "Шоутаймның" кездесуі кештің басты оқиғаларының біріне айналмақ".

Әшімов соңғы рет қашан төбелесті?

Арман Әшімов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың 23 наурызында өткізді. Ол кезде Rizin FF лигасында жапониялық промоушендегі дебютін жасаған. Алайда бұл кездесу сәтсіз аяқталды: Әшімов тәжірибелі жапониялық файтер Юсаку Накамураға төрешілердің бірауызды шешімімен есе жіберді.

Дильшод Норкузиев қандай формада?

Тәжікстандық Дильшод Норкузиев өзінің соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 19 желтоқсанында Ташкенттегі Octagon 83 турнирінде өткізді. Сол кеште өзбекстандық жеңіліп көрмеген файтер Аббос Хайдаровты бірінші раундтың небәрі 40-секундында нокаутпен жеңіп, жанкүйерлер назарын өзіне аударды.

Реклама
Реклама