Садриддин Ахмедов Батыр Жүкембаевқа күтпеген үндеу жасады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
26.03.2026, 21:36

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов отандасы Батыр Жүкембаевқа алдағы маңызды айқас алдында сәттілік тілеп, әлеуметтік желіде жылы лебізін жариялады.

коллаж penalty.kz

Қолдау көрсетті

Қазақстандық былғары қолғап шебері Садриддин Ахмедов (16-0-1, 13 КО) әлеуметтік желідегі парақшасында тағы бір қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаевқа (24-1, 17 КО) қолдау білдірген жазба жариялады.

Ахмедов ортақ жаттығу жиынынан түсірілген бейнероликті көрсетіп, Жүкембаевтың алдағы кездесуінде сәтті өнер көрсетуіне тілектестік білдірді.

"Бауырым Батыр Жүкембаевқа алдағы жекпе-жекте сәттілік тілеймін және жеңіске тағы бір қадам жасауына ниеттеспін!" — деп жазды Садриддин Ахмедов Instagram парақшасында.

Жүкембаевтың жекпе-жегі қашан өтеді

Батыр Жүкембаев 9 мамыр күні Ташкенттегі "Хумо Аренада" жекпе-жекке шығады. Оның қарсыласы — өзбекстандық тәжірибелі боксшы Шохжахон Эргашев (26-2, 23 КО).

Бұл кездесу қазақстандық жанкүйерлер үшін де ерекше қызығушылық тудырып отыр. Себебі Жүкембаев үшін бұл жекпе-жек карьерасындағы маңызды кезеңдердің бірі болмақ.

Ахмедов соңғы рет қашан шаршы алаңға шықты

Ал Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегін 2025 жылғы 22 қарашада АҚШ-тың Калифорния штатында өткізді. Лонг-Бич қаласындағы Thunder Studios аренасында мексикалық Эдуардо Веласкесті екінші раундта техникалық нокаутпен мерзімінен бұрын жеңді.

Бұл жеңіс Ахмедовтың кәсіпқой рингтегі беделін одан әрі арттыра түсті.

Реклама
Реклама