Еркебұлан Тоқтар Еуропадағы айқас алдында қарсыласымен көз арбасты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
27.03.2026, 09:29

Отандасымыздың жекпе-жегі 28 наурыз күні Ереванда өтеді.

sportilinet.kz

Қазақстандық ММА файтері Еркебұлан Тоқтар (11-3) алдағы жекпе-жек алдында қарсыласымен көз арбастыру рәсімін өткізді.

Қарсылас кім?

Тоқтардың бұл жолғы қарсыласы — Қырғызстан өкілі Марсель Нұрланбек уулу (14-0). Ол әзірге кәсіби мансабында бірде-бір рет жеңілмеген.

Екі спортшының жекпе-жегі:

  • 28 наурыз күні;
  • Армения астанасы Ереванда;
  • Hype Asia турнирі аясында өтеді.

Бұл кездесу кештің басты жекпе-жегі болмақ.

Айта кетейік, кездесу жеңіл салмақта бокс ережесі бойынша өтеді. Бірақ спортшылар рингке ММА қолғаптарымен шығады. 

Тоқтардың соңғы жекпе-жегі

Еркебұлан Тоқтар соңғы рет 2025 жылдың 28 желтоқсанында Ташкенттегі "Хумо Аренада" өнер көрсетті. Ол жергілікті файтер Тимур Никулинді бірінші раундта нокаутпен жеңді.

Марсель Нұрланбек уулу да соңғы жекпе-жегінде сенімді жеңіске жеткен:

  • 2025 жылдың қазан айында;
  • Alash Pride FC 113 турнирінде;
  • өзбекстандық Мухаммадризвон Кахоровты сабмишн әдісімен мерзімінен бұрын жеңді.
Реклама
Реклама