Айқас бола ма? Қазақстандық боксшы Тайсонды қарсылас көреді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:44

Иван Дычко соңғы рет шаршы алаңға былтыр қыркүйекте шығып, кезекті жеңісін тіркеген болатын. 

Vesti.kz

Суперауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Иван Дычко (15-1, 14 КО) әлем чемпионы Тайсон Фьюримен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.

Дычко таңдаған қарсылас — Фьюри

Боксшы қысқа сұхбат барысында кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін жасырмай айтты.

"Мен Тайсон Фьюримен жұдырықтасқым келеді. Ол қазір қайта оралып жатыр. Өте қызық, ерекше адам. Бірінші ойыма келгені — сол", — деді Дычко.

Айта кетейік, Иван Дычко бұған дейін Тайсон Фьюримен спарринг өткізген. 

Естеріңізде болса, қазақстандық боксшы соңғы кездесуін 2025 жылдың 13 қыркүйегінде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткізді.

Бұл жекпе-жекте ол америкалық Джермейн Франклиннен (24-2, 15 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіліп, кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісін тіркеді.

Иван Дычко кәсіби мансабында:

  • 15 жекпе-жек өткізді.
  • 14 қарсыласын нокаутпен жеңді.
Реклама
Реклама