Еркебұлан Тоқтар Еуропадағы айқас алдында қарсыласымен көз арбасты (ВИДЕО)
Отандасымыздың жекпе-жегі 28 наурыз күні Ереванда өтеді.
sportilinet.kz
Қазақстандық ММА файтері Еркебұлан Тоқтар (11-3) алдағы жекпе-жек алдында қарсыласымен көз арбастыру рәсімін өткізді.
Қарсылас кім?
Тоқтардың бұл жолғы қарсыласы — Қырғызстан өкілі Марсель Нұрланбек уулу (14-0). Ол әзірге кәсіби мансабында бірде-бір рет жеңілмеген.
Екі спортшының жекпе-жегі:
- 28 наурыз күні;
- Армения астанасы Ереванда;
- Hype Asia турнирі аясында өтеді.
Бұл кездесу кештің басты жекпе-жегі болмақ.
Айта кетейік, кездесу жеңіл салмақта бокс ережесі бойынша өтеді. Бірақ спортшылар рингке ММА қолғаптарымен шығады.
Тоқтардың соңғы жекпе-жегі
Еркебұлан Тоқтар соңғы рет 2025 жылдың 28 желтоқсанында Ташкенттегі "Хумо Аренада" өнер көрсетті. Ол жергілікті файтер Тимур Никулинді бірінші раундта нокаутпен жеңді.
Марсель Нұрланбек уулу да соңғы жекпе-жегінде сенімді жеңіске жеткен:
- 2025 жылдың қазан айында;
- Alash Pride FC 113 турнирінде;
- өзбекстандық Мухаммадризвон Кахоровты сабмишн әдісімен мерзімінен бұрын жеңді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet