Аңыз боксшының ұлы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуға келісім берді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:30

Десе де, қазақстандық боксшы допингке байланысты қазір дисквалификацияда. 

championat.com

Австралиялық боксшы, бұрынғы әлем чемпионы Тим Цзю қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

WBO нұсқасы бойынша рейтингте жоғары тұрған Тим Цзю сұхбат барысында өз ұстанымын ашық айтты.

"Оның қазір рингтен тыс қалғаны маңызды емес. Мен ешқашан жекпе-жектен бас тартқан емеспін. Мен әрдайым "иә" деймін. Жәнібекпен де, басқа қарсыласпен де жұдырықтасуға дайынмын", — деді Цзю.

Әлімханұлы әзірге дисквалификацияда

Жәнібек Әлімханұлы допингке байланысты спорттан уақытша шеттетілген болатын. Соған байланысты қазақстандық боксшы 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін рингке шыға алмайды. Дегенмен WBO ұйымы оған чемпиондық титулды сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Дисквалификация аяқталғаннан кейін Жәнібек Әлімханұлы Дензел Бентли — Эндри Сааведра жекпе-жегінің жеңімпазымен міндетті түрде кездесуі тиіс.

Бұл — WBO титулын қорғау аясындағы негізгі талаптардың бірі.

Реклама
Реклама